You are here

Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті

Printer-friendly versionPDF version
Халықаралық салыстырмалы зерттеулер  Департаментінің  мақсаты (бұдан әрі – ХСЗД ), Қазақстанның ЭЫДҰ және IEA ұйымдарының халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне  қатысуын қамтамасыз ету. ХСЗД  өз қызметінің шеңберінде PISA, PIAAC, TALIS, ICILS, TIMSS, PIRLS  зерттеулерін жүзеге асырады.  Осы  зерттеулерді өткізу  Қазақстанның ЭЫДҰ білім беру саясаты Комитетіне "Қатысушы"   ретінде кіруіне  негіз болды.
Сондай-ақ, ХСЗД сарапшылары  осы зерттеулер нәтижесі бойынша халықаралық және аймақтық салыстырмалы ұлттық есептер  дайындайды.
ХСЗД сарапшылары ұлттық есептер және Қазақстанның  нәтижелеріне әсер ететін салыстырмалы талдау факторларының негізінде 2016-2019 жылдарға арналған ҚР білім және ғылымды дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, 2017-2021 жылдарға арналған ҚР БҒМ Стратегиялық жоспары және басқа да білім беру бағдарламалық құжаттарында есепке алынатын, Қазақстан білім беру жүйесін жетілдіру ұсыныстары  мен тетіктерін дайындайды.
Сонымен қатар, ХСЗД қызметкерлері халықаралық салыстырмалы зерттеулерге және білім беру саласындағы  басқа да тақырыптарға қатысты республикалық және халықаралық семинарларға, конференцияларға, форумдарға қатысады.