You are here

Дмитрий Медведев Ресейдің білім беру саласын дамытудың басты бағыттарын атады

Printer-friendly versionPDF version

Коммерсантъ, 24.08.2016

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Стратегиялық даму және басым бағыттар жөніндегі президенттік кеңес президиумының мәжілісі барысында білім беруді дамытудың 4 басым бағытын белгіледі. 

Медведев мектептерде заманауи инфрақұрылымды құруды ерекше атап өтті. Премьер-министрдің айтуынша, стандарттарға тиісті инфрақұрылым жасалмайынша олар толық мөлшерде жұмыс істемейді. Лайықты зерханалалық құрамдас бөлігінсіз бірде-бір оқытушы химия немесе биологияны үйрете алмайды. 

Екінші бағыт – орта кәсіптік білімді жаңғырту. Кәсіпорындарға арналған заманауи құрал-жабдықтарды сатып алу қиын емес, олармен жұмыс істей алатын және істегісі келетін адамдарды табу қиын. Сондықтан Медведев бұл салада меншік білім беру стандарттарын, мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеу және соның негізінде орта кәсіптік білім беру жүйесін қайта құру қажеттілігін атады. Бұған қоса, бұл, жалпы орта білімнен өзгеше, жұмысберушілермен бірге жасалуы керек. 

Үшінші бағыт университеттерге қатысты. Біріншіден, жетекші университеттердің базасында университеттерге өздерінің зияткерлік меншігінен табыс табуға мүмкіндік беретін инновацияларды жасау және ілгерілеу жүйесін құру керек. Екіншіден, білім беру және ғылыми қызметтердің әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және халықаралық рейтингтердің жоғары позицияларында орнығу керек.

Инновациялық бағыттардың бірі — заманауи сандық білім беру ортасын құру. Премьер-министрдің айтуынша, қазіргі таңда сапалы білім беру контентінің шынайы жетіспеушілігі бар. Осыған байланысты мамандармен тестіленетін және университеттердің бағдарламаларына кіріктірілетін мамандандырылған желілік ресурстарды құру керек.