You are here

Дрю университетінің жаңа президенті ЖОО-ны дамудың жаңа деңгейіне қалай шығарды?

Printer-friendly versionPDF version

Forbes, 02.12.2016

Мэри Энн Бэннинджер Дрю университетін ол шығыстарды өтеу үшін жеткілікті студенттер санын тартуға қабілетсіз болғанда басқара бастады. 

Анықтама үшін: Дрю Университеті (Drew University) – жекеменшік гуманитарлық университет, Мэдисон қаласы, Нью-Джерси, АҚШ. 2012ж. US News & World Report нұсқасы бойынша АҚШ-тың үздік гуманитарлық ЖОО рейтингінде 94-орынға ие болды. 

2015ж. қазіргі уақытта 2 151 адам білім алатын ЖОО бірінші курсқа құжат тапсырған талапкерлердің 70% қабылдады. Салыстыру үшін, Гарвар және Стэнфорд университеттерінде қабылдау пайызы бестен аспайды. Дрю университетіне байқаудан өткен студенттердің басым бөлігі  ақырында басқа колледждерді тандады. Оқу ақысына университеттен субсидия алатын студенттердің үлесі 69% жетті. Үлкен жеңілдіктер – ЖОО қолайсыз қаржылық жағдайын жасыруға бағытталған баға белгілеудің тиімсіз саясатының белгісі.

Бірінші кезектегі мәселелердің бірі ЖОО-да оқуды аяқтаған студенттердің төмен үлесі болды. Бұл кезекте студенттер ЖОО оқудың төмен сапасы салдарынан кетпеген. Оның себебі студенттер "Дрю әсері" деп атаған ең қарапайым мәселелер (мысалы, басқа топқа ауысу, жатақхана мәселесін шешу) бюрократиялық рәсімдермен тым қиындатылуы болды. Бэннинджер артық процестерді қысқартудан және қызметкерлердің бір бөлігін алмастырудан бастады. 

Қабілетті студенттерді тарту үшін "Мені тап" тұжырымдамасымен маркетингтік стратегия тандалды. Стратегия ЖОО-ның 3 артықшылығын ілгерілетті: Нью-Йоркке жақын орналасуы, тәжірибе жүзінде оқу және тәлімгерлік бағдарламасы. Студенттердің қалада бейімделуі үшін ПОҚ оларға Манхэттен бойынша экскурсия жасап отырды. Бұл кезекте, экскурсияның тақырыбы олардың пәніне тікелей қатысты болды. 

Ребрендинг үшін дизайнерлік агенттік ЖОО логотипін жетілдірді, оған Манхэттенді салды. Қабылдау комиссиясына элиталық жекеменшік мектептермен байланысы бар білім беру саласының ардагерін қосты.

Бэннинджер бонустар жүйесін де енгізді. Бонустар бастама еткен және өзіне лауазымдық нұсқаулықтан тыс жауапкершілік алған қызметкерлерге тиесілі болды. 

Жаңа басшымен 6 жылда алғаш рет бірінші курс студенттерінің саны 20 % артты. Басқа ЖОО-дан ауысып келгендердің саны 28 % артты. Субсидия алушылардың саны 8 % төмендеді, бір студенттен түсетін таза табыс шамамен $5 мың асты.