You are here

Дубай балабақшалары мен мектептерінде көмекші-роботтар пайда болады

Printer-friendly versionPDF version

Khaleejtimes, 13.09.2017

Дубай балабақшалары мен мектептерінде (2-ші сыныпқа дейін) TeachAssist роботтар пайда болды. Бұл балаларға ғылымды үйренуге, математика және STEM білімін үйренуге ынталандырушы факторлардың бірі болады. Абу Даби Білім министрлігі және білім кеңесі осы бес жылдың ішінде  Atlab ұйымымен Оқу бағдарламасы ретінде роботтардың және жасанды интеллекттің енгізілуін қарастырған болатын. Роботтар білім алушыларға көмек көрсетіп, сондай-ақ балаларды бағалауға жәрдемдесетін болады.

Қазіргі уақытта TeachAssist талдаушы роботтарын жасауға мүмкіндік жасап жатыр. Онымен қоса, ауру салдарынан оқуға қатыса алмаған балаларға арналып арнайы роботтар да жасалуда.

Білім министрлігі  Дубай мектептерінде 75 роботтарды шығарушы лаборатория және үш сандық лабораторияны іске қосқан болатын. Бұл лабораториялар білім алушыларға пәнді терең меңгеруге, теориялық және практикалық білімдері жетілдіруге көмекетсе алады.