You are here

Дүниежүзілік экономикалық форум Адами капиталдың даму индексін жариялады

Printer-friendly versionPDF version

World Economic Forum, 13.09.2017

Дүниежүзілік экономикалық форумның талдаушылары адами капиталдың дамуына 130 ел бойынша жаңа рейтинг көрсеткен болатын (Human Capital Report).  Рейтингтің негізгі белгілерінің бірі – білімге деген қолжетімділік , халықтың жұмыспен қамтылуы, жұмыс тәжірибесін өсіру мүмкіндігі, ноу-хауды (әртүрлі дағдыларды иемдену) қолдана білу және қызметкерлердің біліктіліктігін жетілдіруге шаралар қолдану. Кадрларды дайындауға ең жақсы дайындық Норвегия, Финляндия, Швейцария, АҚШ және Дания елдерінде жүргізіледі. Бұл елдерде кәсіптік және жеке тұлғаның дамуына оңтайлы жағдайлар жасалынған.

Германия алтыншы орынды иеленіп отыр. Осы екі жыл ішінде ол өзінің көрсеткішін жақсартқан болатын (2015ж. – 22 орын). Теориялық және практикалық дайындыққа жоғары баға берілген. Тек қызметкерлердің инвестициялыры төмен бағаланды, сондықтан Германия 12-ші орында қалып отыр.

Еуропалық елдердің ішінде Швеция, Словения, Австрия, Эстония, Нидерланды, Бельгия және Ирландия 20-топқа кірген болатын. Ал Ресей елі осы жылдың ішінде 26-шы орыннан 16-шы орынға қарғып түсіп, жақсы көрсеткіш көрсетті. Ресей елі білімге деген қолжетімділік бойынша алғашқы бестікке кіреді, сонымен қатар олардың ішінде Қырғыстан, Қазақстан, Армения және Украина да бар. Жалпы атқанда, Қазақстан рейтингте 29-шы орынды алып отыр.

Адами капиталдың топ-10 даму индексы 2017 жыл бойынша

2017

Жалпы балл

Ел

1

77.12

Норвегия

2

77.07

Финляндия

3

76.48

Швейцария

4

74.84

АҚШ

5

74.40

Дания

6

74.30

Германия

7

74.14

Жаңа Зеландия

8

73.95

Швеция

9

73.33

Словения

10

73.29

Австрия

16

72.16

Ресей

23

71.31

Ұлыбритания

24

71.27

Украина

29

69.78

Қазақстан

34

67.72

Қытай

128

43.33

Сенегал

129

41.19

Мавритания

130

35.48

Йемен