You are here

Дүниежүзілік экономикалық форум болашақтың мамандығын жариялады

Printer-friendly versionPDF version

mel.fm, 28.06.2016

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Дүниежүзілік экономикалық форумның Давостағы жұмысы барысында The Future of Jobs зерттеуінің нәтижелері жарияланды. Қазіргі уақытта бастауыш сынып оқушыларының 65%-ы қазіргі таңда әлі жоқ мамандықтар бойынша жұмыс істейді. Себебі – интернет пен технологияларды кеңінен қолдану. 2020ж. еңбек нарығында 2 млн. жаңа жұмыс орындары пайда болады. Бірақ 7 млн. астам орын жоғалады. Заңгер, экономист және менеджер мамандықтары танымалдығын жоғалтады. 

Бүгін әлем алтыншы технологиялық тәртіп - ғылымды қажетсінетін технологияларды дамыту және қолдану бағыты қарсаңында тұр. Біліктілігі жоғары мамандар даярлау ғылыми-технологиялық серпін жасауды күшті ынталандырады. АҚШ-тың заманауи өндірісінде, цехтарда 5-6 адам жұмыс жасап, өндірістік тапсырмалардың толық кешенін орындайтын құралды ғана қадағалайды. Оксфорд университетінің зерттеуінде 2034 жылға дейін АҚШ жұмыс орындарының 47%-ын роботтар алмастырады деген болжам бар. Келешегі бар бағыттар - қарт кісілерге, даму ерекшеліктері бар балаларға, мүгедектерге көмектесе алатын, қызмет көрсететін роботтардың өндірісі; жүргізушісі жоқ автомобиль, поезд, ұшақ өндірісі; алыс аймақтарды (таулар, мұхиттар, шөл дала), ауыл шаруашылығын (егіс, тыңайту, суару) зерттеуге арналған ұшқышсыз дрондарды қолдану; адамның дене мүмкіндіктерін кеңейтетін экзотикалық қаңқа өндірісі; жоғары дәлдікті ота жасауға арналған хирург-роботтар өндірісі.

Анықтама үшін: Технологиялық құрылыс эволюциясы туралы мәліметтер

Бірінші технологиялық құрылыс (1 өндірістік революция)

1770-1830

Тоқыма өндірісіндегі жаңа технологиялар, су энергиясын пайдалану, бұл еңбекті механикаландыруға және ағымдық өндірістің басталуына әкелді

Екінші технологиялық құрылыс

(«Бу дәуірі»)

1830-1880

Бу машиналары негізінде теміржол және су көлігін дамытуды жеделдетті, өнеркәсіп өндірісіне бу қозғалтқыштарын кең енгізу

Үшінші технологиялық құрылыс

(«Болат дәуірі»)

1880-1930

Өнеркәсіп өндірісінде электр тоғын пайдалану, ауыр машина жасау және электр-техникалық өнеркәсіпті болатты пайдалану негізінде дамыту 

Төртінші технологиялық құрылыс

(«Мұнай дәуірі»)

1930-1970

Дальнейшее развитие энергетики с использованием нефтепродуктов, газа, средств связи, новых синтетических материалов. Период массового производства автомобилей, тракторов, самолётов, различных видов вооружения, товаров народного потребления. Широкое распространение компьютеров и программных продук-тов. Использование атомной энергии в военных и мирных целях.

Бесінші технологиялық құрылыс

1970-2010

Микроэлектронды өндіріс, есептеу, талшықты-оптикалық техника, бағдарламалық қамсыздандыру, телекоммуникация, робот құрылысы, газ өндірісі, ақпараттық қызмет көрсетуде қолданылатын технологиялармен сипатталады 

Дереккөз: http://vnauke.by/schkola/EVOLYuCIYa-TEXNOLOGIChESKIX-UKLADOV