You are here

Дүниежүзінің 8 мыңнан астам оқушысы АҚШ-тағы STEAM жобаларын ұсынады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 11.05.2017

Ғылым, технология, инженерлік іс, өнер және математика (STEAM) саласындағы жобалардың халықаралық конкурсының финалы 2017 жылғы 24-27 мамырда Теннеси штатының Ноксвилль америкалық қаласында өтеді. Конкурсты Destination Imagination коммерциялық емес білім беру ұйымы ұйымдастырады. 

Анықтама үшін: Destination Imagination - АҚШ-тың жетекші коммерциялық емес ұйымы, ол оқушыларды мектепте және болашақ мансапта жетістікке жету үшін қажетті дағдыларды үйретуде мамандандырылады. DI жобалық-бағдарлық оқу бағдарламаларын әзірлейді. Онда STEAM білім, өнер және әлеуметтік кәсіпкерлік ұштастырылған. 

Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген 8 мыңнан астам оқушы финалда өз әзірлемелерін ұсынады. Конкурс оқушылардың STEAM-ге деген қызығушылығын арттыруға, сонымен бірге сыни тұрғыдан ойлауды, ынтымақтастық жасасуды және басқа да пайдалы дағдыларды дамытуға ыкпал етуге арналған. Жыл сайын конкурс 30 мемлекеттен 150 мыңнан астам оқушыны тартады. 1982ж. бері Destination Imagination 1,5 млн. жуық қатысушыны тартты. 

STEM 2016-2017жж. келесі конкурстарды қамтиды:

1.   Техникалық - білім алушыларға тапсырмаларды инженерлік, зерттеушілік, стратегиялық дағдыларын пайдалана отырып орындауға ынталандырады. 

2.   Ғылыми - ғылыми зерттеулерді театр өнерінің шығармашылығымен үйлестіреді.

3.   Инженерлік - топтарға белгілі бір материалдардан көтергіш конструкцияларды жобалау, құру және сынақтан өткізу керек.

4.   «Бейнелеу өнері» - оқушылар көркем медиа және театр өнерінің әртүрлі түрлерімен эксперимент жасай отырып, шығармашылық дағдыларды пайдалануы тиіс.

5.   Импровизациялық - командалар тақырыптар алып, дәл сол орында пародия жасайды. 

6.   «Қызмет көрсетуге үйрету» - оқушылар қоғамның шынайы мәселелерін шешу үшін қоғамдық жұмысқа тартылады.

7.   «Өрлемелі жұлдыздар» - ең жас оқушыларға (2-сыныпқа дейін) арналған шығармашылық процестің қарапайым тәжірибесі ұсынылады.

8.   «Лездік сын-қатер» - топтан жылдам, креативтік және сыни тұрғыдан ойлауды талап етеді.