You are here

Дұрыс кітаптар балаға ертерек сөйлеуге және анағұрлым көп сөзді есте сақтауға көмектеседі

Printer-friendly versionPDF version

Tes, 03.07.2017

Сассекс университетінің (QS 2017 рейтингінде 228-орын) ғалым психологтары эксперимент жасады, оған мектепке дейінгі жастағы балалар қатысты.

Балалардың екі тобы зерттеуге қатысты. Бірінші топтағы балалар әрбір бетте бір суреті бар кітаптарды оқыды. Беттердегі суреттер мәтінді сүйемелдеді және балаларды жаңа сөздерге үйретті. 

Балалардың екінші тобы әрбір бетте екі немесе одан да көп суреті бар кітаптарды оқыды. Зерттеудің нәтижесі кітаптың әрбір бетінде бірден артық сурет болатын болса, бала екі есе кем жаңа сөздерді есте сақтайтынын көрсетті. Басқа сөзбен айтқанда, балаларға арналған кітапта суреттер неғұрлым көп болса, ол жаңа сөздерді соғұрлым аз есте сақтайды, ал бұл өз кезегінде баланың сөйлеу қабілетіне ықпал етуі мүмкін. Бұл өз бетінше кітапты оқи алмайтын балалар қайда қарайтынын білмей, мәтіннің негізгі мағынасын тындамайтындықтан болады. Осылайша, олар жаңа сөздерді есте сақтамайды. 

Егер ата-анасы әрбір бетте екі немесе одан да көп суреті бар балаларға арналған кітапты тандаған болса, оқыған кезде дене қимылдарын пайдаланып, бала жиналып, жаңа сөздерді есте сақтауға дайын болуы үшін оған мәтінде не туралы айтылатынын көрсету керек. Бұл кезекте, балаларға арналған қазіргі заманғы панорамалық кітаптардың (немесе көлемді кітаптар) жаңа сөздерді жаттауға одан көп  кері ықпалы бар.