You are here

Екі сингапурлық университет оқушылық бағдарламаларын іске қосты

Printer-friendly versionPDF version

Asia One, 25.02.2017

Биыл екі университет - Сингапурдың технологиялық институты (SIT) және SIM университеті (UniSim), студенттерге жұмыс орнында білім алуға және оқу ақысын төлеу үшін демеушілік көмекті алуға мүмкіндік беретін бағдарламаларды іске қосты.

SIT студенттерге ақпараттық қауіпсіздік, бағдарламалау, қонакүй және мейрамхана ісі, электр энергетикасы және азаматтық құрылыс салаларындағы SkillsFuture бағдарламасын ұсынады, оның шеңберінде олар қатар жұмыс істеп, білім ала алады. UniSim ұсынатын бағдарламалар қаржы және бизнес-талдау саласында болмақшы.

Компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарды қамтитын 12 серіктес тәжірибеден өту орнын ұсынумен қатар, оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлейтін болады. Олар студенттерді іріктеуге де қатысады.

Бағдарламалар талапкерлерге де, ЖОО-да білім алушыларға да бағдарланған. Өтінішті жұмыс істеп жатқандар да бере алады.

Бұл бағдарламалардың студенттері жұмыс пен оқудың күндері мен семестрлерін кезектей алады. Ағымдағы жылы 65 орын қолжетімді болады. Орындар мен бағдарламалар саны уақыт өте келе арта береді.