You are here

ЕО елдерінің STEM мамандарына деген сұраныстары өсуде

Printer-friendly versionPDF version

oecdskillsandwork.wordpress.com, 06.05.2016

Соңғы онжылдықта STEM (Science, Technology, Engineering and Mathematics) дағдыларды меңгеру ЕО-да жұмыспен қамтуды өсірудің жетекші факторы болып табылады. 2000ж. мен 2011ж. аралығында жұмыспен қамтылғандардың саны 8%-ға, STEM мамандықтар бойынша жұмыспен қамту 34%-ға өсті. Осылайша, 2011 жылы STEM мамандықтарының жалпы жұмыспен қамтудағы үлесі 7%-ға жетті. 

Сонымен қатар, STEM қызметкерлерінің жалақысы ЕО елдеріндегі орташа айлық жалақыдан 36% артық болды. 2010 жылдан 2013 жылға дейін STEM саласындағы қызметкерлердің сыйақылары орташа көрсеткіштен 40%-ға артық болды. 

STEM жұмыс орындары да еңбек ортасының жоғарғы сапасымен сипатталады. 2013 жылы STEM саласындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы көрсеткіштен (10,4%) 6,5%-ға төмен болды.