You are here

Ересектердің құзыреттерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының екінші раунд нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

ВВС, 28.06.2016

Ересектердің құзыреттерін бағалаудың халықаралық бағдарламасының (PIAAC) алғашқы нәтижелері үш жыл бұрын дағдылар деңгейінің төмен болуы адамдардың еңбекақысы анағұрлым жоғары жұмыс орнының қолжетімділігін қаншалықты шектейтінін көрсетті. Олардың денсаулық жағдайы, саяси белсенділігі және айнасындағы адамдарға сенімділігі сияқты әлеуметтік көрсеткіштерге ықпалы да дәлелденді.   

2016ж. 28 маусымда PIAAC екінші кезеңіне қатысушы елдердің нәтижелері жарияланды. Сингапурдың деректері аса қызықтырды, олар небәрі екі ұрпақтан кейін қандай үрдіске қол жеткізуге болатынын дәлелдейді.

Сингапурда 55-65 жастағы ересектердің тек 2,4%-ы ғана күрделі мәтіндермен жұмыс жасай алды және небәрі 3,4%-ы ғана математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейін талап ететін тапсырмаларды орындай алды. Өз кезегінде анағұрлым жоғары балға ие болған 16-24 жастағы респонденттердің үлесі Сингапурда басқа қатысушы елдердің арасында ең жоғары болды.

Деректер жас және анағұрлым ересек адамдардың білімінде айтарлықтай айырмашылықтың барын да көрсетті. Сингапурдың 55-65 жастағы халықтың тек 21%-ында  ғана жоғары білімі бар, ал 25-34 жастағы адамдарда бұл көрсеткіш 74%-ды құрайды.

Өз кезегінде білімнің қолжетімділігі және дағдылардың деңгейі айтарлықтай өсті. Бұны PISA зерттеуінің жоғары нәтижелері де дәлелдейді (2-орын).

Зерттеу дағдыларды дамыту деңгейі тиімді пайдаланғанда, жекелеген адам үшін де, жалпы мемлекет үшін де мәні бар екенін көрсетті.  

Мысалы, жас гректер, жас американдықтарға қарағанда, математикалық сауаттылықтың анағұрлым жоғары дағдыларын көрсетеді.  Өз кезегінде, америкалық экономика, грек экономикасына қарағанда, оларды еңбек нарығында дағдылардан пайда табу үшін анағұрлым тиімді пайдаланады екен.

Мемлекеттер дағдыларды дамыту және пайдаланудың арасынан тандау жасамауы тиіс. Сингапур теңдеудің екі құрастырушысы да тең болатын  мемлекеттердің бірі болып табылады.  Мемлекет өз халқының дағдыларын жоғарғы деңгейге дейін дамытып, содан кейін олардан пайда көре алады.