You are here

Эссекс мектебі үй тапсырмасын жойды

Printer-friendly versionPDF version

The Independent, 28.09.2016

Эссекс графствосындағы Филипп Морант орта мектебінің (Phillip Morant School and College) барлық оқушыларына үй тапсырмасы берілмейтін болды. Бұл бастама мұғалімдерге өз уақытын үй тапсырмасын тексеруге босқа кетірмеуге мүмкіндік береді. Оның орнына олар сабаққа дайындық жүргізуге көбірек уақытын арнай алады. Мұғалімдер әр оқушыға көбірек көңіл бөле алады деп күтілуде.

Мектеп директоры Кэтрин Хатли (Catherine Hutley) оқушылар сыныпта істеп үлгермеген тапсырмалар үй тапсырмасы ретінде үйге орындауға берілетінін айтты. Бұның орнына оқу процесін анағүрлым тиімді жоспарлап, тиісті материалдарды сабақ үстінде өту керек. 

Үй тапсырмасының балама түрі ретінде оқушыларға өзінің сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру ұсынылды. Оқушыларға мектептің сайтына кіріп, тапсырмаларды орындағаны үшін марапатталу ұсынылды. Осылайша, оқушыларға өзінің оқуын ұйымдастыруда анағұрлым жауапты болу ұсынылды.

Үй тапсырмасының дәстүрлі жүйесінің баламасы Ұлыбритания мектептерінде жаңа бастама болып табылмайды. 2013ж. Норвич (Norwich) қаласының мектебі ұзартылған күнді енгізді.

Бұл мектептің оқушылары сағ.17:00-ге дейін оқиды, бұл уақыттың ішінде олар үй тапсырмасын орындап шығуы тиіс. Оқушылардың күйзелісін төмендету мақсатымен 2015ж. Челтнем (Cheltenham) қыз балаларға арналған мектепте де балаларға үй тапсырмалары берілмейді.