You are here

Эстондық мектеп директорлары Еуропада тағлымдамадан өтуге мүмкіндік алады

Printer-friendly versionPDF version

Sputnik Eesti, 14.04.2017

Rotary эстондық орталығы мектептердің басшыларына арналған Еуропаның озық мектептерінде тағлымдама бағдарламаларына қатысу конкурсының басталғаны туралы жариялады. Бағдарлама Эстонияның Білім және ғылым министрлігі, Таллин және Тарту университеттері, Эстония мектептері басшыларының бірлестігімен бірлесіп өткізіледі. Қатысу өтінімдері а.ж. мамыр айына дейін қабылданды. Бағдарлама 2016ж. ұйымдастырылды. Оның шеңберінде Эстонияның 5 мектеп директоры іріктеледі. 28 күннің ішінде олар Еуропа мектептерін басқарудағы жаңалықтармен таныса алады және жұмысты жоспарлауға да қатыса алады. Қайтіп оралғанда директорлар мектептерді басқаруда зерттеген жаңалықтарды енгізе алады деп күтілуде.

Директорлардың тағлымдамасы эстондық үкіметтің білімді қаржыландыруды арттырудың арқасында мүмкін болды. Оқытудың және мектептерді басқарудың инновациялық әдістерін енгізу білімді дамытудың басты бағыттарының бірі болып табылады. Білім және ғылым министрлігі Мұғалімдер ісі жөніндегі бөлімінің басшысы Кристи Микивердің пікірінше, директорлардың тағлымдамасы бұл міндетті орындаудың жақсы мысалы болып табылады.