You are here

Эстония электронды оқу материалдарының порталын құрды

Printer-friendly versionPDF version

gazeta.ee, 11.05.2017

Эстонияның Білім және ғылым министрлігі электронды-сандық оқу материалдарын ұсынатын e-koolikott.ee жаңа порталын іске қосты. 

Порталда мұғалімдерге әртүрлі оқу материалдарынан өздерінің жеке оқу жинақтарын жасауға мүмкіндіктері бар (электронды оқулы, интерактивтік ойындар, жұмыс парақтары, өздері жасаған тапсырмалар және т.б.). Жинақты  e-Koolikott порталының барлық қолданушылары үшін көрінетіндей етіп жасауға немесе шектелген топпен ғана бөлісуге болады. 

e-koolikott.ee порталы негізгі, жалпы және кәсіптік білімнің қолданыстағы оқу материалдарын біріктіреді. Жаңа порталды жетілдіру мақсатында Білім министрлігі пайдаланушылардың ұсыныстарын қабылдайды.