You are here

Эстония сыныптан тыс оқытуға €21 млн бөледі

Printer-friendly versionPDF version

Postimees, 12.04.2017

Эстония Парламенті оқушыларға сыныптан тыс оқудың қолжетімділігін арттыратын заңды қабылдады. Бұл заңды жергілікті билік іске асырады. Үкімет €21 млн. қосымша қаражат болып табылатынын және жергілікті билік мектептерді қаржыландыруды қысқартуы тиіс екенін білдірмейтінін атап өтеді. Жергілікті билікке қандай үйірмелер мектепте болатынын анықтау және қосымша білім беруді ұсынуды жүйелеу керек.

Тийт Терик, Эстония парламентінің мүшесі, балаларға әртүрлі қызметтерді ұсыну арқылы жаңа заңда мектептерде қызығушылықтар бойынша сабақтарды жақсарту мүмкіндігін көреді. Терик Эстонияның барлық балаларына мектептен тыс және үйде жан-жақты дамуға тең қолжетімділік болу керек деп санайды. Заң үйірмелер бұрын болмаған өңірлерде пайда болуына әкеледі. 

Заң 1 шілдеден бастап күшіне енеді және ағымдағы жылы мемлекет мектептен тыс сабақтарға €6 млн., ал 2018ж. €15 млн. бөледі.