You are here

Эстония Үкіметі белсенді емес жастарды қолдау жүйесін құруды қолдады

Printer-friendly versionPDF version

Delfi, 16.02.2017

Эстонияның Денсаулық және еңбек министрі Евгений Осиновский үкіметке белсенді емес жастарды қолдау жүйесін әзірлеу жоспарын ұсынды. Мақсаты – NEET жастар үлесін азайту (білім алмайтын және жұмыс істемейтін жастар, ағылшын тілінен not in education, employment, or training).

Білім деңгейі төмен жастар анағұрлым белсенді емес болады деп саналғанымен, білім алмайтын және оқымайтын жастар ЖОО түлектерінің арасында немесе оқудан шыққандардың арасында көбейе түсуі байқалады.

NEET жастар арасында бұған дәлелді себебі бар адамдар да бар: мысалы, ана болуға байланысты демалыстағылар. Сондықтан белсенді еместігі әлеуметтік мәселелермен немесе басқа кедергілермен байланысты жастарды табу өте маңызды. Жасалып жатқан электронды шешім жергілікті өзін-өзі басқару қызметкерлеріне бұндай жастарды мақсатты және жүйелі табуға көмектеседі. Әрбір жас адамға көмек көрсетудің керектігін анықтау, қолданыстағы мемлекеттік қызметке жіберу және оқу және жұмысты іздеу мүмкіндіктерімен байланыстыру үшін жеке тәсілді қолдану қарастырылады.

Әлеуметтік істер министрлігі әзірленген жүйені жергілікті өзін-өзі басқарумен бірге 2018-2019жж. тестілеуден өткізбекші. Нәтижелерді бағалау және талдау 2019ж. соңында жүргізіледі, содан соң іс-әрекеттердің бұдан әрі жоспары жасалады.

Анықтама үшін: 2015ж. жағдай бойынша Эстонияда 16-26 жастағы 164,1 мың адам болды, соның ішінде 19 мың адам NEET жастарды құрады. Еуроқордың есептеуінше, Еуропаның NEET жастардың еңбек нарығына қатыспауы тудырған жалпы шығысы €100 млрд. астам болды, бұл бұл мемлекеттердің ЖІӨ-нің 1,1%-ын құрайды. Эстонияның сәйкес көрсеткіштері 238 млн. еуро немесе ЖІӨ-нің 1,5%-ын құрайды.