You are here

Эстонияда шетел тілдерін танымал ету жөнінде конкурс жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

Балтийский курс, 26.05.2017

Эстонияда негізі Еуропалық комиссиямен құрылған «Еуропа тілдерінің сапа белгісі» (European Language Label) конкурсының басталуы жарияланды. Ұлттық деңгейде конкурсты Білім және ғылым министрлігі және Archimedes нысаналы мекеме үйлестіреді.

Анықтама үшін: Archimedes қоры – Эстонияның үкіметі оқыту, білім беру және зерттеулер саласындағы әртүрлі халықаралық бағдарламалар мен жобаларды үйлестіру және жүргізу мақсатымен құрған тәуелсіз орган.

Конкурсқа қатысу үшін адамдарды шетел тілдерін үйренуге ынталандыратын инновациялық жобалар шақырылады. Ағымдағы жылы конкурстың тақырыптары болып «Мультитілді мектептер мен сыныптар: мектептердегі саналуандық құндылықтарын қабылдау» және «Тілдерге шырайлы қоғам – тілдерді бейресми меңгеру» болды.

Конкурсқа шетел тілдерін зерттеу, оқу құралдары, материалдар және т.б. бойынша жергілікті және халықаралық жобалар қатыса алады. Шетел тілдерін оқумен байланысты қызмет ретінде фестиваль, үйірме, тіл клубы, шетел тілдерін зерттеуге және оқытуға арналған конференциялар және тағы басқалар болуы мүмкін. 

Конкурс а.ж. 11 маусымына дейін жалғасады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Үздік үміткерлер ақшалай сыйақымен марапатталады.

2016 ж. конкурс жеңімпаздары болып тілдер мен нақты пәндерді зерттеуді және тілдерді Кадриорг неміс гимназиясының музыкасы арқылы зерттеуді байланыстыратын Кристьян Яак Пеэтерсона атындағы Тартау гимназиясының оқушылармен алмасу жобасы, Таллин орталық кітапханасымен құрылған Skype бойынша кітап клубы танылды.