You are here

Эстонияның Білім министрлігі мемлекеттің тұрғындарына өз қабілеттерін бағалауға және жұмыс табуға көмектесетін тестті іске қосты

Printer-friendly versionPDF version

Эстонияның Білім және ғылым министрлігі, 06.05.2017

Білім және ғылым министрлігі Жұмыссыздық жөніндегі сақтандыру кассасымен бірлесіп, Эстонияда "Білім мен қабілет" онлайн тесттің апробациясын өткізіп жатыр. Болашақта осы тесттің көмегімен Эстонияның әрбір тұрғыны өз қабілеттерін және оларды пайдаланудың шынайы бағалау, сонымен қатар, өзінің мансап қызығушылықтары, мүмкіндіктері туралы кері байланысты алу және өз көрсеткіштерін Эстониядағы және одан шеттегі адамдармен салыстыру мүмкіндігін алады. Тестке қатысуға Эстонияның 16-65 жастағы барлық тұрғындары шақырылады.

Білім және ғылым министрлігі талдау бөлімінің басшысы Ауне Валктың айтуынша, тестті толтырған адамдар бұл - қызықты әрі бағалы тәжірибе деп айтты. Ол қабілет пен оларды пайдаланудың маңызы әлемде жекелеген адам тұрғысынан да, жалпы мемлекет тұрғысынан да үнемі артып келеді деп қосты. «Әлем күрделіне түсуде, онда тіршілік ету үшін жақсы дағдылар керек, өйткені қарапайым жұмыс біртіндеп жоғалады. Дағдылардың деңгейі де, олардың үнемі пайдалану да маңызды. Пайдаланылмайтын дағдыларға жалақы төленбейді және олар біртіндеп жоғалады. Бұнымен қызметкерлер де, жұмысберушілер де санасу керек. Өз қабілеттерін пайдаланып, оларды дамыту үшін өзінің күшті әрі әлсіз тұстарын білген маңызды».

Келешекте тест әркімге пайдалы болады. Оның көмегімен өз қабілетіңді бағалауға және өзіңді басқа қызметкерлермен немесе үміткерлермен салыстыруға болады. Оны Сақтандыру кассасы да клиенттерге кеңес беру кезінде және оларға оқыту курстарын таңдағанда пайдаланады. Тесттің көмегімен жастар мен ересектер өздерінің ақпаратты өңдеу қабілетін бағалай алады - функционалдық оқылым, математикалық сауаттылық пен жоғары технологиялық орта жағдайындағы мәселелерді шешу дағдылары. Өмірге қажетті басқа пайдалы дағдылар да, қолданыстағы мақсаттар да бағаланады, мысалы, денсаулық пен әл-ауқат немесе мансап қызығушылықтары. Сонымен қатар, тест оқылымда қиындықтары бар адамдарға оқылымның базалық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.

Тесттің соңғы нұсқасы 2018ж. басында дайын болады.

Тест ЭЫДҰ бастамасымен әзірленген және қазіргі уақытта 7 мемлекет оны назарға алды, бес мемлекет ол әзірлену сатысында тұр. Тесттің негізінде PIAAC ересектердің қабілетін халықаралық зерттеуі жатыр, оған 40 жуық мемлекет (соның ішінде Қазақстан) қатысады.