You are here

Эстонияның үкіметі педагогикалық білім берудің сапасын арттыру жөніндегі шараларды талқылады

Printer-friendly versionPDF version

Postimees, 06.06.2017

Эстония үкіметінің мәдениет жөніндегі комиссиясының ашық отырысында педагогикалық білімнің жай-күйі талқыланды. Комиссия өкілдері халықаралық комиссияның деректеріне және елдің ЖОО сарапшыларының пікірлеріне сүйеніп, мұғалімдерді даярлауға баға берді.

Эстонияның жоғары және кәсіптік білімнің сапасы жөніндегі агенттігі елдің екі ірі ЖОО-сының - Тарту және Таллин университеттерінің педагогикалық бағдарламаларына баға берді. Эстондық мұғалімдердің бастапқы дайындығының мықты әрі әлсіз тұстары аталды.

Оқу үрдісін ұйымдастырудағы икемділік, оқытудың заманауи әдістемелерін пайдалану, педагогикалық тәжірибенің жоғары деңгейі, мұғалімдер мен мектептердің бағдарламаларды әзірлеуге тартылуы артықшылықтар болып аталды.

Болашақ мұғалімдердің белсенді ғылыми қызметінің болмауы және педагогикалық мамандықты тандайтын талапкерлердің аз саны кемшіліктер ретінде аталды.

Үкіметтің әдениет жөніндегі комиссиясының мүшесі Криста Ару педагогикалық мамандықтың беделін арттыру бойынша шаралардың қажеттілігін атады. Осы мақсатта комиссия қоғаммен анағұрлым тығыз қарым-қатынасты орнатуды көздеді.