You are here

Еуропа "Еуропа жастарын инвестициялау" атты жаңа стратегияны қабылдады

Printer-friendly versionPDF version

07.12.2016, europa.eu

А.ж. желтоқсанда Еуропалық комиссия "Еуропа жастарын инвестициялау" атты жаңа стратегиялық бастамасын қабылдады. Стратегияның мақсаты - жұмыспен қамту, сапалы білім және кәсіби дайындық сияқты жастардың ең маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру. Жаңа стратегия 4 негізгі бағытты қамтиды:

  • Жастар жұмыссыздығымен күрес. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың үнемі төмендеуіне қарамастан, оның деңгейі әлі де жоғары (Греция – 47%, Франция – 26%, Бельгия – 21%, ЕО – 19%).
  • Жастар арасындағы ұтқырлық. «Erasmus+» жобасының шеңберінде 2017ж. комиссия "ErasmusPro" жаңа бағдарламасын бастайды. Бағдарлама 6-12 ай ұзақтығымен серіктес елде ұзақ мерзімді тағлымдаманы қарастырады. 50 мыңнан астам жастар әртүрлі салаларда өз дағдыларын арттырады деп күтілуде.
  • Ниеттестік және қатысу. Еуропа көп мәдени бола бастады. Осыған байланысты айналадағыларға толеранттықты тарату бойынша әртүрлі шараларды қабылдау жоспарланды.
  • Білім үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Ересектерді оқыту, кәсіптік білім мен жоғары білімге басты назар аударумен білімнің сапасын арттыру бойынша нақты шаралар қабылданады. 

2017ж. соңында Комиссия бұл бағдарламаларды қолдауға бағытталған нақты бастамаларды ұсынады.