You are here

Еуропа ЖОО-ларында білім алу: төлеу немесе төлемеу?

Printer-friendly versionPDF version

Pienews, 14.07.2017

Еуропалық одақтың елдері шетелдік студенттер ЕО елдерінде оқу ақысын төлеуге тиіс пе деген мәселеге тап болды.

Осылайща, Германия бүкіл әлемнен таланттарды үнемі тарту үшін шетелдік студенттерді тегін оқытады. Бұл Германияның жиналған экономикалық дамуын және тұрақтылығын сақтауға көмектеседі. 

Норвегиялықтар жоғары білімді алу элитаның артықшылығы болмауы тиіс деп санайды. Жоғары білім – бұл студенттің кіріс деңгейін немесе төлқұжатын ескермейтін қоғамдық игілік.

"Біз ЖОО-ларда оқу ақысын енгізгенше, тастар ери бастайды" деген фразамен танымал болған Шотландияның Экс-министрі Алекс Салмонд да тегін жоғары білімді жақтайды. 

Екінші жағынан Финляндия - ЖОО-ларда шетелдік студенттер үшін ақылы оқуды енгізін жатқан еуропалық елдердің бірі, өйткені финдік салық төлеушілер АҚШ, Ұлыбритания және Австралия үшін мамандардың даярлауына төлейді деген болжам бар. Алайда, соңғы зерттеулер кері нәтижені көрсетті.

Мысалы, Халықаралық ұтқырлық орталығының зерттеуі 2009 жылғы шетелдік түлектердің 44%-ы келесі бес жылда Финляндияда еңбек еткенін анықтады. DEA дат ақпараттық-талдау орталығының зерттеуі Финляндия қаражаты есебінен білім алған шетелдік түлектер ел дамуына өзінің экономикалық үлесін қосқанын көрсетті, бұл Финляндияда жұмыспен қамтылудың 12 жылдық мерзімінде (1996-2008жж.) 165,5 млн дат кроны ($23,8 млн). Бұл кезекте шетелдік түлектердің 40%-ы ЖОО-ны аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмыс істей бастады. Осылайша, шетелдік студенттер елді тек қана шығындайды деген пікір қоғамда таралған аңыз болып табылады.