You are here

2012 ЖЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ДЕҢГЕЙІНІҢ ҚАНШАЛЫҚТЫ ІЛГЕРІЛУІ БАЙҚАЛДЫ?

Printer-friendly versionPDF version

2013 жылғы 3 желтоқсанда ЭЫДҰ PISA-2012 15 жастағы білім алушылардың білімдік жетістіктерін халықаралық зерттеудің қорытындыларын жария етті. Мынаған назар аударғым келеді, PISA тестілеуі білім алушылардың академиялық білімдерін емес, «Life Skills» деп аталатын түрлі өмірлік жағдаяттарда оларды қолдана білуін бағалайды. Халықаралық тест өмірден алынған есептерді қамтиды, олар қарапайым әрі түсінікті. Сонымен бірге, оларды шешу үшін пәннің базалық білімін игеріп, оларды жай ғана есте сақтау аз, материалдың мәнін түсіну маңызды. 

Қазақстан PISA-2009 салыстырғанда, оқушылардың математика және жаратылыстану-ғылыми функционалдық құзыреттілік бағытында нәтижелерін жақсартты. Математика сауаттылығы бойынша нәтижелілік көрсеткіштерінің өсуі 27 балды  (2009 жыл - 405, 2012 жыл - 432 балл) және жаратылыстану бойынша 25 балды (2009 жыл - 400, 2012 жыл - 425 балл) құрады. Бұл 1000 балдық халықаралық шкала бойынша елдің орташа балының жоғары өсімі болып табылады және жақсартудың айтарлықтай жақсы серпіні.

Сонымен бірге, 218 білім беру ұйымынан 15 жастағы 5808 қазақстандық білім алушы, PISA-2012 жобасының қатысушыларын іріктеуі осындай, оқырмандық сауаттылық бағытында нашар нәтижелер көрсетті. Жалпы есепте елдің қорытынды нәтижесі – 393 балл. Бұл, әрине, тым төмен нәтиже.

Оқырмандық сауаттылық оқушылардың мәтіннің басты идеясын анықтау қабілетін ғана емес, сонымен қатар оның мазмұнын сын тұрғысынан талдауға, ақпаратты интерпретациялауға және қойылған сұраққа толыққанды жауап беру қабілетін айқындайтын тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады. Өкінішке орай, біздің мектеп оқушыларымыз ішінде графиктер мен кесте кездесетін «үзік-үзік» мәтінмен жұмыс жасау дағдысының төмен деңгейін көрсетті.

Қазақстандық оқушылардағы оқырмандық сауаттылық деңгейінің төмен болу себебі отбасындағы оқу мәдениеті деңгейінің төмендігіне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, PISA-2012 жобасының қазақстандық қатысушылары үйде орта есеппен 150-ден астам кітап бар деп көрсетті. Ал Қытай, Сингапур, Корея сияқты көш бастаған елдердің аталмыш көрсеткіші 250-ден астам кітапты құрады. Сондықтан оқуға деген жоғары қызығушылықты арттыру үшін тек оқу үдерісінде ғана емес, отбасында да қажетті жағдай жасау өзекті болып табылады.