You are here

2014 жылы 2011-2020жж. Білім беру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы туралы

Printer-friendly versionPDF version

2014 жылы 2011-2020жж. Білім беру мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы қысқаша анықтама

 

Қазақстан Республикасының 2011-2020ж. арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 жарлығымен бекітілді. 

2014 жылы 2010-2020жж. арналған балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамтамасыз ету жөніндегі "Балапан" бағдарламасы Бағдарламаға өтті (ҚР Президентінің 2014ж. 12 тамыздағы №893 жарлығы).

Білім берудің мәселелері мен міндеттерін шешу дәрежесі, Бағдарлама оларды шешуге бағытталған

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу

Бағдарламаны іске асырғаннан бастап («Балапан» бағдарламасымен қоса) 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеумен қамту 2 есе өсті (2009ж. – 40%, 2014ж. – 78,6%).

2010-2014жж. балабақшалар саны 1,7 есе өсті, 2 261 данадан 3 832 дана болды. Жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырыс беру оң тәжірибесі жекеменшік балабақшалардың жүйесінің белсенді өсуін қамтамасыз етеді.  Жеке меншік балабақшалар саны 3 есе өсті (2010ж.- 10%, 2014ж. – 32,9%).

Орта білім беру

Орта білім беруде апаттық жағдайдағы мектеп саны 65-ке қысқартылды (2010ж. – 201, 2014ж. – 136).

Аз жинақталымды мектептердің мәселелерін шешу мақсатында ресурстық орталықтар құру бойынша ауқымды жұмыс жасалды (2010ж. – 0, 2014ж. – 120). Балаларға инклюзивті оқытуға жағдай жасаған мектеп үлесі 2,5 есе өсті (2010ж. – 10%, 2014ж. – 25,7%).

Жалпыбілім беру мектептерінде химия кабинеттерімен жабдықталуы 3 есе өсті (2010ж. – 13,2%, 2014ж. – 41,3%), биология 5 есе (2010ж. – 16,3%, 2014ж. – 81,5%), физика 6,3% (2010ж. – 41,7%, 2014ж. – 48%), ЛМК 9,8% (2010ж. – 46,7%, 2014ж. – 56,5%). Жалпыбілім беру мектептерінде спорттық секциялардың өсуі байқалады. Оларға мектеп жасындағы баланың 27,3% қатысады (2010ж.-20%, 2014ж. - 27%).

2014ж. 1 қазанда мектеп жасындағы  31 420 баланың 27 595 баласы сапалы және ыңғайлы жеткізумен қамтылды (2010ж. - 63%, 2014ж. -87,8%).

Техникалық және кәсіптік білім беру 

Техникалық және кәсіптік білім беруде жұмыс берушілермен қарым-қатынас жасау күшейтілді. 2010 жылы еңбек нарығында мамандарға кәсіптік стандарттар мен кәсіптік талаптардың болмауы нарық қажеттілігін ескере отырып кадрларды даярлауға мүмкіндік бермеді. Кадрларды даярлау мақсатында 2012-2014жж. 257 мамандық пен біліктілік бойынша кәсіптік стандарттар әзірленді. ТжКБ мамандықтар классификаторында 222 мамандық пен 1 347 біліктілік бар. 

Білім берудің дуальды жүйесінің элементтерін енгізу арқасында мекемелер базасында тәжірибеден өтуге арналған орынмен қамтамасыз етілген білім алушылар үлесі өсті. 2014 жылы студенттің 85,1%-ы мекемелер базасында тәжірибеден өту үшін орындармен қамтамасыз етілді (230 866 адам).

Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы жоспарлы түрде жаңартылып жатыр. 2011 жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі 7 есе өсті: 0,6 млн. тенгеден 4,2 млрд. тенгеге (республикалық бюджет).

2014 жылы колледж түлектері - 137 959 адам, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша 73 521 адам. Олардың жұмысқа тұрғаны – 57 419 адам немесе 78%.

Жоғарғы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

2014 жылы 10 қазақстандық ЖОО QS рейтингісінде атап көрсетілді. Әлемнің 400 үздік ЖОО тізіміне 2 қазақстандық ЖОО кірді, «Топ 601-650» - 2 ЖОО, «Топ 651-700» - 3 ЖОО, «Топ 701+» - 3 ЖОО. 2010 жылы ешбір қазақстандық ЖОО ешқандай әлемдік рейтингке кірмеген еді. 

Экономика дамуының басым бағыттарының бірі білім, ғылым және өндірістің интеграциясы, ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері негізінде жоғары оқу орынынан кейінгі білім беруді дамыту болып табылады. 2014 жылы 7 ЖОО-ның ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізуге арналған инновациялық құрылымдары бар: аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сатпаев атындағы ҚазҰТУ, ҚазҰАУ, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, ҚарМТУ, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ. Назарбаев Университеті тәжірибесімен жаңа білім мен технологиялар туындау мақсатында инновациялық бағыттағы 10 ЖОО жұмыс істейді. 13 ЖОО-да ғылыми зерттеулер нәтижелерін коммерциализациялау орталықтары (кеңселері) ашылды.  

4 ЖОО-да меншік инвесторлардың қаражатын тарту арқылы заманауи құрал-жабдықталған ғылыми және жоба-конструкторлық мекемелердің бірлескен құрылымдық бөлімшелері құрылды.