You are here

2015-2016 жж. жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісі

Printer-friendly versionPDF version

Үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБИ) нәтижелері жарияланды. Қазақстан өз көрсеткіштерін 8 позицияға жақсарта отырып (2014 жылы - 50-ші орын), ДЭФ ЖБИ-де 140 елдің ішінен 42-орынға ие болды.

Өткен жылмен салыстырғанда, білім мен ғылымның 12 индикаторының 8-і жоғары баға алды. Бұл «Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы» (+18), «Мектептерде Интернетке қолжетімділік» (+15), «Ғалымдар мен инженерлерге қолжетімділік» (+13), «Зерттеу және білім беру қызметтеріне қолжетімділік» (+11), «Білім беру жүйесінің сапасы» (+9).

«Бастауыш білім сапасы» (+1), «Үшінші біліммен қамту*» (+1) және «Математика мен жаратылыстану-ғылыми білім берудің сапасы» (+1) индикаторлары бойынша позициялар күшейді.

2 индикатор позициясын сақтап қалды – «Орта біліммен қамту» және «Университеттер мен бизнестің ҒЗТКЖ саласында әріптестігі».

Есептеу әдістемесінде статистикалық көрсеткіштердің айырмашылықтарының болуына байланысты, «Бастауыш біліммен қамту» (-2) индикаторы бойынша позициялар төмендеген. Осы ретте ДЭФ 2015-2016 ЖБИ-де 2012 жылғы бастауыш, орта және үшінші біліммен қамту деректері пайдаланған. «Менеджмент мектептерінің сапасы (-9) индикаторының төмендеуі тіркелген.

*Үшінші» білім жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі деңгейдегі контингентті және 11-ші сынып негізінде ТжКБ жүйесінде білім алушыларды қамтиды (ЮНЕСКО)