You are here

2015 ЖЫЛЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЮНИСЕФ-пен ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

Printer-friendly versionPDF version

БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілдігі Ақпараттық-талдау орталығының дәстүрлі серіктесі болып табылады. Жылдың басынан бастап ынтымақтастық шеңберінде төраға орынбасары Фиакра Макейзи, балалықты қорғау мәселелері жөніндегі бағдарлама үйлестірушісі Татьяна Адерихина және халықаралық сарапшы Дональд Вертлибтің қатысуымен үш кездесу өткізілді.

2015 жылы өзара әрекет етудің басымдықтары ретінде балалардың ерте дамуы, инклюзивтік білім беру және мектептегі оқытудан тыс балалар статистикасын жетілдіру деп белгіленді. Қазіргі таңда тараптар Қазақстанның 2016 - 2020 жылдарға арналған Елдік бағдарламасы шеңберінде жылдық ынтымақтастық жоспарын іске асыруға кірісті.