You are here

2015 жылы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады.

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - БДМБ) іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады.

Осыған байланысты, Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылғы 14-26 қыркүйек аралығында Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында, Алматы және Астана қалаларында БДМБ негізгі бағыттарын іске асыру бойынша дала зерттеулерін жүргізеді.

Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдарға білім беру саласындағы бағдарламалық құжаттардың нысаналы мәндері мен көрсеткіштерін жоспарлауда консультациялық-әдіснамалық және практикалық көмек көрсетіледі.

Осы зерттеу шеңберінде Орталықтың Бағдарламалық құжаттарды мониторингілеу департаменті отандық және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына енгізілген БДМБ іске асыру мониторингі және өңірлерде алымдарды жинау жөніндегі нұсқаулықты және Білім және ғылым саласындағы индикаторлар мен көрсеткіштер есебінің әдістемесін әзірледі.

Білім беру басқармаларының, білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі аумақтық департаменттердің қызметкерлері, педагогтар, студенттер, оқушылардың ата-аналары ортасында фокус-топтық зерттеулердің нәтижелері білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлауды жақсарту жөніндегі практикалық ұсынымдардың негізіне айналады.