You are here

2016 жылғы 11 қарашада Ақпараттық-талдау орталығы «Білім берудің және ғылымның сапасына қанағаттанушылыққа мониторинг жасау» жобасының шеңберінде үш кең ауқымды әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша Дөңгелек үстелді өткізді

Printer-friendly versionPDF version

 

Білім беру бұл – ең алдымен, қоғамның әлеуметтік тапсырысы.  Сондықтан да Білім және ғылым министрлігі бірқатар әлеуметтік зерттеулер өткізуге бастамашылық етті, олар халықпен кері байланыс орнатудың  ықпалды механизмі болып табылады. Зерттеу Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Сауалнамаға 5 500 респондент қатысты.

Нәтижелер халықтың білім және ғылым саласында жүзеге асырылып жатқан бастамалар туралы ақпаратқа жоғары қызығушылық танытанын дәлелдейді. ҚР БҒМ мен өңірлердің Білім басқармаларының ресми веб-парақшаларына қарағанда, телевизия ақпаратты тартудың кең таралған қайнар көзі болып қалды.

Халық пен сарапшылар жергілікті атқарушы органдардың мектепке дейінгі ұцымдарда орын кезегін үлестіру қызметін, бейінді Министрліктің нормативтік құқықтық актілерді сапалы әзірлеу қызметін анағұрлым төмен бағалайды.

Халықтың 72%-ы мемлекеттің 2017 жылдан бастап бірінші жұмысшы мамандықты тегін беру саясатына қанағаттанады. Респонденттердің пікірінше, бұл жастардың қоғамда әлеуметтенуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді (69%), еліміздегі жұмыссыздықтың деңгейін төмендетеді (66%) және жұмысшы мамандықтардың беделін арттырады (62%).

Сауалнама мен басты респондеттердің тереңдетілген сұхбаттарының нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар білім мен ғылым саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеуде ескерілуі тиіс.

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелері мен ведостволық бағынысты ұйымдардың, «Назарбаев Зияткерлік Мектептер» ДББҰ, Астана қаласының Білім басқармасының және т.б. өкілдері қатысты.