You are here

2017-2018 оқу жылына арналған жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағы жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

2017-2018 оқу жылына арналған жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы» Ұлттық жинағы жарияланды. Басылым мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының ақпараттық статистикалық деректерін қамтиды. Жинақта цифрландыруға және Астананың 20 жылдық мерейтойына орай астаналық білім беру саласының дамуына қатысты деректер кең көлемде ұсынылған.

Ақпараттың негізгі көзі – білім беру ұйымдары, бөлімдері және Басқармаларының «Ұлттық білім беру деректер қоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ұсынған деректері. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігі статистика Комитетінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның және «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының ресми деректері қолданылды.

Жинақ қазақ және орыс тілдерінде жарияланды.

2017-2018 оқу жылына арналған жыл сайынғы «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің статистикасы»