You are here

2017 жылғы 27 шілде күні Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық Баяндаманы ұсынды

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 27 шілде күні Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық Баяндаманы ұсынды.

Құжат Қазақстанның білім беру жүйесінің 25 жылдық қалыптасу жолын баяндайды. Онда білім беру саласының жинастырылған оң тәжірибесі мен өзекті мәселелері көрсетілген. Еліміздің білім жүйесіне берілген тәуелсіз алықаралық баға және аймақтық білім беру жүйелерінің қорытынды индексі ұсынылған.

Баяндама – білім беру саясатына қатысты елеулі статистикалық және талдамалық материалды жинастырған бірден-бір құжат. Баяндама жұртшылық, педагогикалық қауым, ұлттық және халықаралық сарапшылар, барлық деңгейдегі басшылар мен мүдделі тұлғалар үшін қызықты болмақ.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР БҒМ құрылымдық және бағынышты бөлімшелерінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б. қатысты. Қатысушылар еліміздің барлық білім деңгейлерінде қол жеткізілген жетістіктер мен олардың әрі қарай дамуы үшін маңызды бағыттарды талқылады.

Ұлттық баяндама Қазақстанның білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Республикалық тамыз педагогикалық кеңесінде ұсынылады.