You are here

2017 жылы өткізілген орта білім беру ұйымдарындағы ОЖСБ қорытындысы туралы

Printer-friendly versionPDF version

 

ҚР БҒМ ресми сайты

2017 жылғы 17-сәуірден 2-мамыр аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауы (бұдан әрі - ОЖСБ) өткізілді. ОЖСБ-ға қатысқан білім ұйымдарының жалпы саны - 702.

ОЖСБ-ның өткізілуін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің аумақтық Білім саласындағы бақылау департаменттері мен Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері бақылады.  

4-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парағының көмегімен өткізілді.

4-сынып оқушылары ОЖСБ-ны екі пәннен: математика және әдебиеттік оқыту пәндерінен тапсырды. Әр пән 15 тест тапсырмасынан тұрады,    жалпы саны – 30.

Тестілеуге жалпы 70 минут (1 сағат 10 минут) уақыт беріледі. Максималды балл саны – 30.

ОЖСБ-ға республика бойынша 654 білім беру ұйымдары қатысып, 52 702 оқушы тестілеуден өтті, оның ішінде қазақ тілінде – 37 645, орыс тілінде – 15 057 оқушы. 

Республика бойынша 4-сыныптардағы ОЖСБ-ның орташа баллы – 19,75, оның ішінде қазақ тілінде – 19,22, ал орыс тілінде – 20,56.

9-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді.

9-сынып оқушылары ОЖСБ-ны 2 пәннен тапсырды: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – оқытылатын пәндердің бірі.

Тестілеуге жалпы 130 минут (2 сағат 10 минут) берілді. Максималды балл саны – 75 балл.

          Республика бойынша 9-сыныптардағы ОБЖС-ға барлығы 694 мектеп қатысты, тестілеуге барлығы – 37 405 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 21 865, орыс тілінде – 10 362.

9-сынып бойынша республика бойынша орташа балл мүмкін болған 75 балдан – 39,4 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 39, орыс тілінде – 40.

Ағымдағы жылы алғаш рет 11-сыныптарда ОЖСБ өткізілді.

11-сыныптардағы ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде арнайы бланкілер мен жауап парақтарының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн режимінде өткізілді.

11-сынып оқушылары ОЖСБ-ны 3 пәннен тапсырды:оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы.

Тестілеуге жалпы 110 минут (1 сағат 50 минут) берілді. Максималды балл саны – 60 балл.

Республика бойынша 11-сыныптардағы ОБЖС-ға барлығы 303 мектеп қатысты, тестілеуге барлығы – 11 025 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілінде – 8 099, орыс тілінде – 2 926.

11-сынып бойынша республика бойынша орташа балл мүмкін болған 60 балдан – 46 балл, оның ішінде қазақ тілінде – 46,7, орыс тілінде – 44.