You are here

2019 жылғы 29 қазанда «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамында дөңгелек үстел аясында «Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңын іске асырудың проблемалық мәселелері» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін талқылау өтті.

Printer-friendly versionPDF version

           Зерттеудің негізгі мақсаттары ғылыми қызмет тиімділігінің жеткіліксіздігінің негізгі факторларын, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңын іске асырудың проблемалық мәселелерін, сонымен қатар ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрманбетова Жәмилә Нұсұпжанқызы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің және Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қызметкерлері, сонымен қатар ғалымдар, ғылым саласындағы сарапшылар, Жас ғалымдар альянсының өкілдері, IAC сарапшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында елдегі ғылымның жағдайы мен проблемалық мәселелері туралы қызықты және өзекті пікірталас өтті.

         «Астана» Халықаралық университетінің президенті С.А. Ирсалиев ғылымды қаржыландырудың халықаралық тәжірибесімен таныстырды, Қазақстан ғалымының портретін, адами ресурстарын, ғылымның тиімділігін сипаттады және қатысушыларды зерттеу нәтижелерімен таныстырды. Әр бөлімге қатысты ұсыныстар жасалды.

Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, ғылым саласындағы сарапшы Е.З. Сүлейменов ғылымды басқарудың қазіргі сызбасын әзірлеп, мониторингтеу мен басқарудың тиімділігін арттыру бойынша өз ұсыныстарын ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, елдегі ғылымның нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстарды жан-жақты талқылады.