You are here

2020 жылғы дейін Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылы 2020 жылғы дейін Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталады. Алдымызда оның қорытындыларын жасау және екінші кезеңді жоспарлау бойынша маңызды жұмыс тұр.  

ҚР БҒМ "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ білім беру саясаты мен мемлекеттік бағдарламаларды бағалау саласындағы халықаралық сарапшылармен бірлесе отырып, Мемлекеттік бағдараламаның тиімділігі мониторингісінің жаңа талдау шеңберін жасады. 

Осы құрал мониторингтің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, мақсаттар, міндеттер, іс-шаралар арасында логикалық байланысын көрсетуге, сонымен қатар Мемлекеттік бағдарлама нәтижелеріне қол жеткізетін көрсеткіштерінің сәйкестілігін бағалауға мүмкіндік береді. 

8 желтоқсанда ҚР БҒМ-нің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныстағы мекемелер үшін тәжірибелік семинар форматында дөңгелек үстел өткізілді.  

Халықаралық сарапшы 2015 жылы Мемлекеттік бағдарламаны Талдау шеңберін қолдана отырып бағалауды және бұдан әрі іс-шаралар мен индикторларды жоспарлаған кезде осы құралды басшылыққа алуды ұсынды.  

БҒМ бірінші тоқсанда Мемлекеттік бағдарламаның 10 бағытын іске асыру бойынша білім беру процесінің барлық қатысушыларын тарту арқылы жан-жақты талдау ұйымдастырады.