You are here

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған Дублин курсы

Printer-friendly versionPDF version

2018 жылғы 21 қараша күні ағылшын тілі мұғалімдерін оқытудың жаңа әдістеріне үйрету жобасы алғаш рет бастау алды.  Курсты  «Bilim Media Group» модулінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Қазақстанның Лондондағы елшілігінің қолдауымен Erin School of English (ESE) Дублин тіл мектебі өткізеді.

Курс 4000 мұғалімді қамтитын 12 сабақтан тұрады. Оқу барлық мұғалімдерге қолжетімді «Bilim Media Group» ресурсында он-лайн режимде өтеді.

Аталған курстың мақсаты – біліктілік пен білімді арттыру, ағылшын тілін оқытудың жаңа әдістерін үйрету. Оқыту шеңберінде ағылшын тілі мұғалімдерінің ағылшын тілін меңгеру деңгейі анықталады. Курс қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификат табысталады.