You are here

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ 9-10 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ұлттық статистикалық комитеті қызметкерлерінің оқу туры өтті

Printer-friendly versionPDF version

2019 жылғы 9-10 желтоқсанда елдер арасында тәжірибе алмасу және білім беру деректерін жинау және мониторингілеу саласындағы білім беру стейкхолдерлерінің әлеуетін арттыру мақсатында «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ (АТО) ЮНЕСКО және ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитетінің өкілдері үшін оқу турын өткізді.

Оқу турына ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

АТО президенті Н. А. Шәмшиева қатысушыларды орталықтың қызметімен таныстырды. «ҰБДҚ» АЖ тарихы және білім беру статистикасының әкімшілік деректерін жинау процесін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыру туралы АТО президентінің орынбасары М. Қ. Атанаева айтып берді.

Білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің директоры А. А. Тиштыбаев қатысушыларды ҰБДҚ-ға мәліметтерді енгізу және дамытумен таныстырды. Тыңдаушылар оқушылардың мектепке дейінгіден бастап жоғары білім беру деңгейіне дейінгі барлық деңгейлердегі толық даму траекториясын қадағалау тетігі қалай құрылатыны туралы білді. Қырғызстаннан келген әріптестер ҰБДҚ функцияларымен, ондағы мәліметтердің құрылымымен, өзара іс-қимыл және интеграция сызбасымен және одан әрі даму көрінісімен танысты.

Қазақстан мен Қырғызстандағы білім берудің ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері, деректерді жинау мен талдаудың әртүрлі тетіктерін пайдалану мүмкіндіктері туралы қызықты пікірталас өтті, статистиканы жинау мен өңдеуді одан әрі дамыту перспективалары мен мәселелері талқыланды.