You are here

«Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Атырау облысының педагогикалық қауымымен кездесті

Printer-friendly versionPDF version

2017 жылғы 12 сәуірде «Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ Атырау облысының педагогикалық қауымымен кездесті. "АТО" АҚ Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаментінің жоба менеджерлері өңірдің TIMSS және PISA-2015 халықаралық зерттеулеріне қатысу нәтижелерін ұсынды.

Халықаралық іріктемемен TIMSS-2015-ке қатысу үшін 4-ші және 8-ші сыныптың 249 оқушысы және PISA-2015-ке қатысу үшін 15 жастағы 295 оқушы іріктелді.

Білім алушылардың оқу жетістіктерін халықаралық зерттеуге қатысқан әрбір өңірдің нәтижелері «Қазақстанның TIMSS-2015 халықаралық зерттеуіне қатысу нәтижелері» және «PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» Ұлттық есептерінде ұсынылады.