You are here

«АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ АУҒАН-АРДАГЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТА ЗАҢЫНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Printer-friendly versionPDF version

АТО қызметкерлері ауған-ардагері Нұрымов Амангелді Ермекұлын Қазақстан Республикасы Ата заңының 20 жылдығымен құттықтады. Мұндай зиялы әрі еңбексүйгіш адаммен кездесулер Орталық қызметкерлері үшін дәстүрге айналды.

Кезінде Амангелді Ермекұлы Ауғанстандағы Кеңес Әскерінің шектелген контингенті құрамында болды.

Зейнеткерлікке дейін ол Қазақ темір жолы жүйесінде экскаваторшы боп еңбек етті. Амангелді Ермекұлының отбасы үлкен әрі тату-тәтті тұрады. Екі ұл мен бір қыз тәрбиеледі, немере мен шөберелері бар. Қазіргі уақытта жұбайы Люция Мергалиевнамен бірге қызының отбасында тұрады.

Әңгіме барысында Амангелді Ермекұлы Орталық қызметі, оның жоспары мен жетістіктері туралы сұрастырды. Ардагерге білім және ғылым жүйесінің проблемалары мен перспективалары жақын әрі түсінікті: оның жұбайы мен балалары көп жылдар бойы білім беру саласында қызмет етеді.

Біздің Орталық ардагерді өз сыйлығымен - радиотелефонмен  қуантты, ол өте қажет еді.

Амангелді Ермекұлы мен оның отбасы тұрақты қамқорлық пен ілтипат үшін Орталық қызметкерлеріне шын жүректен алғыстарын білдірді.