You are here

«Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өкілдері мен Қазақстанның бизнес ортасының өкілдері арасында кездесу өткізді

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылғы 16 шілдеде «Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өкілдері мен Қазақстанның бизнес ортасының өкілдері арасында кездесу өткізді. Оған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы адамзат капиталын дамыту департаментінің өкілдері, ҚР Тұңғыш Президентінің –Елбасының Кітапханасы жанындағы стратегиялық зерттеулер және болжау қызметінің талдау тобы, сондай-ақ «ҒТИ ҰО» АҚ технологияларды коммерцияландыру және халықаралық ынтымақтастық Департаментінің өкілдері қатысты. Қазақстандық тарап өзінің қызметі және жобаның шеңберінде ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Дөңгелек үстел барысында тараптар ағымдағы жағдайды және Қазақстанда ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру процесінде бизнес қоғамдастықтың рөлін, сондай-ақ отандық ғылымды қолдауға дайын бизнес әлеуетін талқылады.

Кездесу қорытындылары бойынша, тараптар одан арғы ынтымақтастық шаралары мен кейіннен ЭЫДҰ үшін негізгі есеп дайындау шеңберінде Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою туралы келісті.

Еске салайық, ЭЫДҰ өкілдері Астанаға «Қазақстанның инновациялық саясатына шолу» жобасының жоспарланған басталуы шеңберінде келген.

Жобаның негізгі тапсырмалары Қазақстанның инновациялық саясатын зерттеу, қолданыстағы заңнама мен стратегиялық құжаттарды талдау, ұлттық инновациялық жүйеге тәуелсіз және салыстырмалы бағалау жүргізу, қолданыстағы саясаттың әлсіз жақтарын анықтау, ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін ескерумен, мемлекеттік саясат жүргізу бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.