You are here

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Қазақстанда PISA-2018 апробациялық халықаралық зерттеуінің компьютерлік форматын өткізуді аяқтады (2017 жылғы сәуір).

Printer-friendly versionPDF version

 

PISA-2018/ компьютерлік формат апробациясына қатысу үшін халықаралық іріктемемен Астана және Алматы ққ., Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 63 мектебі мен 2 колледжінің 15 жастағы 3120 білім алушысы іріктелді.

Апробацияның мақсаты – зерттеудің құралнамасымен байланысты ықтимал мәселелерді анықтау үшін деректерді жинау және қажеттілік туындағанда 2018 жылы болатын негізгі зерттеудің түзетілген құралнасын әзірлеу үшін түзетулер жасау.

PISA-2018 апробациялық зерттеуінің барлық материалдары Халықаралық консорциумға деректерді талдау үшін беріледі.

PISA – 15 жастағы білім алушылардың оқылым, жаратылыстану-ғылыми және математикалық сауаттылық деңгейін бағалайтын кең ауқымды халықаралық зерттеу. PISA-2018-те халықаралық бағалаудың негізгі бағыты 15 жастағы қатысушылардың оқылым сауаттылығы болмақшы. Сонымен қатар, Қазақстан PISA-2018 төртінші опциясына – оқушылар мен студенттердің жаһандық құзыреттерінің деңгейін бағалауға алғаш рет қатысады.

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ облыстық және аудандық үйлестірушілерге, білім беру ұйымдарының директорларына және үйлестірушілеріне, тест-әкімгерлерге және инженерлерге PISA-2018 апробациялық зерттеуін Қазақстанда іске асыруға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.