You are here

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Қазақстандағы бірінші PIRLS-2016 (Progress in International Reading Literacy Study) халықаралық зерттеуін өткізуді аяқтады

Printer-friendly versionPDF version

 

Еліміздің 172 мектебінің 4 944 қазақстандық төртінші сынып оқушылары бірегей тапсырмаларды орындап, бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылық деңгейін анықтайтын сұрақтарға жауап берді.

Сауалнамаға төртінші сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері мен мектеп директорлары қатысты.

Зерттеуге белсенді қатысқан біздің оқушылар мен олардың ата-аналарына үлкен алғысымызды білдіреміз.

PIRLS-2016 халықаралық зерттеуінің барлық материалдары Халықаралық консорциумға жолданады.

Берілген  зерттеуге қатысушы мемлекеттердің нәтижелері 2017 жылдың желтоқсан айында IEA-мен ұсынылады.