You are here

"Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ қызметкерлері Еуроодақтың Орталық Азияда есірткіні таратудың алдын алу бағдарламасы (КАДАП-6) ұйымдастырған "мини-футбол" спорттық іс-шарасына қатысты

Printer-friendly versionPDF version

 

Халықаралық есірткіге қарсы күніне орай (26 маусым), 2016 жылғы 25 маусымда "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің командалары арасында өткен "мини-футбол" спорттық іс-шарасына қатысты.  

Іс-шараны Халықаралық Ынтымақтастық жөніндегі Неміс Қоғамдастығы арқылы Нидерланды, Чехия, Польша, Германия Консорциумымен (GIZжүзеге асырылатын Еуроодақтың Орталық Азияда есірткіні таратудың алдын алу бағдарламасы (КАДАП-6) ұйымдастырды. 

Жарыс қорытындысы бойынша, ҚР ДСжӘДМ - 1-орынға, ҚР ІІМ - 2-орынға, ҚР БҒМ - 3-орынға ие болды.

Жеңімпаз командаларға Бағдарламаның атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.