You are here

«АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ «ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚАДАМЫ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫНА ҚАТЫСУЫ

Printer-friendly versionPDF version

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ ұжымының 40%-ын жас мамандар құрайды, олар білім және ғылым саласында Президенттің бастамасын іске асыруға өз үлесін қосуда.

Бүгін, 2015 жылғы 25 мамырда Ақпараттық-талдау орталығының барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Елбасымен бірге жастардың қадамы» атты жастар форумына қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Білім және ғылым министрі А.Б. Сәрінжіпов жастар саясатының негізгі бағыттарын белгіледі. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңның ережелерін іске асыру Премьер-министр орынбасары Б.М. Сапарбаевтың кездесу қатысушыларымен:  өңірлік әкімдердің орынбасарлары, жоғары оқу орны ректорлары, қоғамдық ұйым өкілдерімен талқылау тақырыбына айналды.

Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес, әкімдіктер жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңестер, жастар ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен БҒМ жанындағы Үйлестіру кеңесі қызмет етеді. Жастар істері жөніндегі кеңестер «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «КЕGОС» және тағы басқа ұлттық компанияларда құрылған. Жыл сайын 7 млрд. теңгеге жуық үкіметтік емес ұйымдардың жобаларын қаржыландыруға бөлінеді.

Қабылданатын шараларға қарамастан, Үкімет қылмыстың күрт өсуіне алаңдаушылық білдіруде, оның 50%-ы жастар мен жасөспірімдерге тиесілі. Өз-өзіне қол жұмсаудың 900 оқиғаның ішінен әр үшіншісі жасөспіріммен жасалған. Ажырасудың  30%-ы 18-23 жастағы жас жұптарға тиесілі. Қыздардың қатысуымен мектептерде төбелеске жол беретін мектеп инспекторлары мен ата-аналар комитеттерінің жұмыстары да сынға алынды.  Б.М. Сапарбаевтың пікірінше, өз-өзіне қол жұмсау жағдайларын ҰБТ-мен байланыстыру орынсыз, бұл жерде тәрбиелік жұмысты жақсарту қажет. Оның тапсырмасы бойынша, Білім және ғылым министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бұйрық шығарды, оған сәйкес бүкіл Қазақстан бойынша білім беру ұйымдарының білім алушылары мұражайға, театр мен басқа да мәдениет орындарына тегін бара алады. 2020 жылға дейін Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы мақұлданды.

Кездесу қорытындысы бойынша, Білім және ғылым министрлігіне, жергілікті атқарушы орган мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және «Мәңгілік Ел» идеяларын жастар саясаты саласына қатысты тиімді іске асыру бағытында өз қызметтерін күшейте түсу ұсынылды.