You are here

«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау»

Printer-friendly versionPDF version

14 қараша 2015ж. «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамында  социологиялық зерттеу қорытындылары бойынша «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда ата-аналар ықпалын бағалау» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.

Осы зерттеу бойынша жұмыс ү.ж. басында басталды және баланың жеке тұлғасын ойдағыдай әлеуметтендіруге ата-ананың қатысу деңгейін анықтауға және отбасы мен мектептің өзара әрекетін күшейту бойынша практикалық ұсыныстарды пысықтауға бағытталған. Социологиялық сауалнама және сұхбат форматында жүргізілген зерттеуге қатысушылардың жалпы саны - 1961.

Дөңгелек үстелдің жұмысына Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, облыстық және қалалық білім басқармаларының, сондай-ақ, өңірлердегі педагогикалық және ата-аналық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің қатысушылары балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға үй жағдайының және әр түрлі отбасылық факторлардың әсерін бағалауды көздеген зерттеудің нәтижелерімен танысты, отбасы мен мектеп ынтымақтасуының өзекті мәселелерін талқылады, ұсыныстар мен ұсынымдар айтты.