You are here

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшылары Назарбаев Университетінің Институционалдық зерттеулер жөніндегі форумы аясында өздерінің жетістіктерімен бөлісті

Printer-friendly versionPDF version

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшылары Тимур Бұлдыбаев, Азат Тиштыбаев және Қайдар Нұрымов 2019 жылғы 10-11 қазанда өткен Назарбаев Университетінің академиялық сапаны қолдау және жоғары білім беруде шешімдер қабылдау үшін мәліметтерді пайдалану - Институционалдық зерттеулері жөніндегі форумына белсене қатысты.

Форумның жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Назарбаев университетінің, ҚМЭБИ университеттерінің, Satbayev University, ҚазМЗУ, Лейден университетінің және т. б. өкілдері қатысты.

Білім беру статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің директоры Азат Тиштыбаев Форумға қатысушыларды Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДБ) аясында жоғары білім деңгейі бойынша мәліметтерді енгізумен және дамытумен таныстырды. Тыңдаушылар мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі барлық деңгейлерде оқушылардың толық даму траекториясын қадағалау тетігінің қалай құрылатыны және ол не үшін жасалатыны туралы білді. ҰБДБ функцияларымен, ондағы мәліметтердің құрылымымен, өзара іс-қимыл және интеграция сызбасымен және одан әрі даму көрінісімен танысты.

АТО Қолданбалы зерттеулер және әзірлемелер департаментінің директоры және сарапшысы Тимур Бұлдыбаев пен Қайдар Нұрымов Үлкен Деректерді талдау негізінде әзірленген АТО талдамалық өнімдерін: білім беру деректерін талдаудың ақпараттық жүйесі SEDA (System for Education Data Analysis) мен жаңалықтар мәтіндерінің тақырыптық құрылымын талдау платформасының прототипін таныстырды. АТО мамандарының айтқандары мемлекеттік және халықаралық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін деректерді талдаудың сандық және сапалық әдістерін пайдалану тәжірибесіне, сондай-ақ шешім қабылдайтын тұлғаларға талдамалық қорытындыларды беру кезіндегі коммуникациялық процестің ерекшеліктеріне арналды.

Қазақстандағы жоғары білім берудің ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері, деректерді жинау мен талдаудың әртүрлі тетіктерін пайдалану мүмкіндіктері, сондай-ақ олардың оқу орындарында деректермен жұмыс бойынша талдаушылық мәдениетті дамытулары туралы қызықты пікірталас өтті.

Жалпы форум аясында Қазақстанның жоғары оқу орындарында осы институционалдық зерттеулерді пайдалану мәселелері және болашақта академиялық сапаны қолдау, жоспарлау және шешім қабылдау үшін қалай пайдаланылуы мүмкін деген мәселелер талқыланды.