You are here

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысының педагогикалық қоғамымен кездесті

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 12 мамырда «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Шығыс Қазақстан облысының педагогикалық қоғамына «Қазақстанның TIMSS-2015 халықаралық зерттеуіндегі нәтижелері» және «PISA-2015 халықаралық зерттеуінің негізгі нәтижелері» ұлттық есептерін ұсынды.

TIMSS-2015 халықаралық зерттеуінде Шығыс Қазақстан облысының 4-ші және 8-ші сыныптардың 602 оқушысы, ал PISA-2015-те 317 15 жастағы білім алушы қатысты.

Облыс көрсеткіштері оқушылардың оқу жетістіктерінің үш негізгі компоненті - тапсырмалардың күрделілік деңгейі, математика және жаратылыстану бағыттарының мазмұндық бөліктері, оқу-танымдық қызметтің түрлері бойынша ұсынылды.

«АТО» АҚ облыстың халықаралық зерттеулеріне қатысу нәтижелерін педагогикалық және әдістемелік кеңестерінде, жалпымектептік ата-аналар жиналысында қарастыруын ұсынады.