You are here

«АҚПАРАТТЫҚ-ТАЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ-ТЫҢ 2015Ж. 21-22 МАМЫРДАҒЫ VIII АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСУЫ

Printer-friendly versionPDF version

 

2015ж. 21 мамырдағы VIII Астана экономикалық форум шеңберінде «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және ҚР БҒМ ғылым комитетінің экономика институтымен бірлесе отырып, «Ғылым, білім және бизнестің интеграциясы: инновациялық экономикаға арналған кадрларды даярлау» панелді сессиясы өткізілді.

Сессия әлемдегі білім берудің жаңа технологиялары, инновациялық экономикадағы кадрлар қажеттілігі, ғылым, білім және бизнес интеграциясының келешегі, жаңа үлгідегі университеттерді құру, сонымен қатар ғылыми-инновациялық кластерлер сияқты басты сұрақтарды қамтыды.

Сессия төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Сапарбаев Бердібек Машбекұлы мырза қатысты.  

Сессия модераторы болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Балықбаев Такир Оспанұлы сөз сөйледі.

Панелді сессияның негізгі спикерлері ретінде Бижанов Ахан Хусаинұлы (Әлеуметтік-мәдени дамыту және ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты), «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ шақырған спикерлер Антонио Сомма (ЭЫДҰ Еуразия бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының жетекшісі), Алексей Юрьевич Ситников (Сколков ғылым және технологиялар институтының басқару және дамыту жөніндегі вице-президенті), Саймон Бартли (World Skills International президенті), Питер Гринвуд (Білім берудің еуропалық қорының төрағасы) және тағы басқалар қатысты.

Бижанов Ахан Хусаинұлы өз баяндамасында Қазақстанның инновациялық экономикасын дамыту үшін білікті мамандарды даярлау саласында жақын арада жасауға қажетті негізгі шараларды атап өтті.

Антонио Сомма Қазақстанда іске асырылып жатқан ЭЫДҰ жобалары шеңберінде ғылым, білім және бизнестің интеграциясы туралы айтты.

Өз кезегінде Алексей Ситников Сколтехті дамытудан алынған тәжірибе-сабақтарымен бөлісті, сонымен қатар осы бағытта жасалып жатқан Назарбаев Университетінің жұмысына жоғары баға берді.  

Саймон Бартли қызметкерлердің біліктілігін арттырудың тиімді құралдары мен инновациялық экономикаға қажетті дағдыларға тоқталып өтті.

Питер Гринвуд Қазақстандағы Туриндік процесстің негізгі қызметі туралы презентация жасады, инновациялық саясат шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың келешегіне баға берді.

Сессия соңында «Finance Accreditation Agency» халықаралық агенттігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің экономика институты арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі болды.   

Меморандум өзара қарым-қатынас жасау, оқу бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жұмыстардың сапасын жоғарылату арқылы екіжақты ынтымақтастықты анықтайды.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің экономика институты мен Global Innovation Labs арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  

Жақтар Қазақстан Республикасында халықаралық білім беру мен технологиялар трансферінің инновациялық құрылымы мен инновациялық кәсіпкерлік индустриясы элементтерін дамытуға, сонымен қатар ғылыми және инновациялық қоғамдастықтың дамуын және өзіндік құрылуын ынталандыруға өз күштерін салуға келісті.