You are here

Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстанның педагогикалық қауымын Дүниежүзілік мұғалім күнімен шын жүректен құттықтайды!

Printer-friendly versionPDF version

 

Ақпараттық-талдау орталығы Қазақстанның педагогикалық қауымын Дүниежүзілік мұғалім күнімен (World Teachers' Day) шын жүректен құттықтайды!

Биыл әлем ЮНЕСКО/ХЕҰ мұғалімдердің мәртебесі туралы ұсыныстарды қабылдаудың 50-жылдығын атап өтуде.

2015 жылғы қарашада әлемнің 193 мемлекеті, соның ішінде Қазақстан 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы  "Жалпыға ортақ инклюзивті және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы оқуды қамтамасыз ету" 4-мақсатына жетудің міндеттемесін алды. 

Бұнда басты роль МҰҒАЛІМГЕ берілген! Сіздер күнделікті ерен еңбегіңізбен еліміздің дамуы мен әл-ауқатына баға жетпес үлес қосып келесіздер!

Құрметті әріптестер! Сіздерге ризашылығымызды білдіреміз және мамандыққа берілгенініз үшін алғыс айтамыз!

Сіздерге денсаулық, шығармашылық табыс, әл-ауқат және жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуді тілейміз!

Ізгі тілекпен,
Ақпараттық-талдау орталығының ұжымы