You are here

Ақпараттық-талдау орталығы Орталық Азияның көшбасшы талдау орталықтарының қатарына кірді

Printer-friendly versionPDF version

 

Вашингтонда (АҚШ) "Талдау орталықтары және азаматтық қоғам" бағдарламасының шеңберіндегі жыл сайынғы іс-шара өтті, бұнда 2016 жылдың Талдау орталықтарының жаһандық рейтингі ұсынылды. Рейтингке әлемнің 182 мемлекетінің, соның ішінде Қазақстанның да "Ми орталықтары» (Think tanks) қатысты.

Ақпараттық-талдау орталықтары (АТО) талдау орталықтарының рейтингіне алғаш рет қатысып, Орталық Азияның үздік орталықтарының арасынан 56-орынға ие болып, Топ-60-қа кірді.

Орталық Азиядан рейтингке қатысқан ұйымдардың нақты саны 100-ден асады, ол ағымдағы жылдың наурыз айында нәтижелердің ресми жариялымдарынан белгілі болады.

Рейтингті Пельсильвания Университеті 2008 жылдан бері "Талдау орталықтары және азаматтық қоғам" атты зерттеу бағдарламасының аясында жасап келеді.  

Рейтингке Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты, Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы, Экономикалық зерттеулер институты және т.б. қазақстандық танымал сараптама-талдау орталықтары қатысты.