You are here

Ақпараттық-талдау орталығы республикалық семинарға қатысты

Printer-friendly versionPDF version

 

2017 жылғы 21 сәуірде Ақпараттық-талдау орталығы "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК ұйымдастырған республикалық семинарға қатысты.

Кездесуге облыстық, Астана және Алматы ққ., Басқармалардың, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің, қосымша білім беру ұйымдарының мамандары қатысты. 

АТО АҚ Білім беру статистикасы департаментінің жоба менеджері Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) ақпараттық жүйесінде мемлекет деңгейінде біріктірілген қосымша білім берудің көрсеткіштерін ұсынды.

Қосымша білім берудің статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу, жинақтау және жүктеуді жетілдіру мәселелері қарастырылды. Өңірлердің өкілдері Ұлттық білім беру деректер қорын жетілдіру жөнінде ұсыныстар берді.