You are here

Ақпараттық-талдау орталығы жоғары білім саласындағы зерттеу орталықтарының жаһандық каталогына кірді

Printer-friendly versionPDF version

Бостон колледжінің (Бостон, АҚШ) Халықаралық жоғары білім орталығы (The Center for International Higher Education at Boston College) «Жоғары білім саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтары , академиялық бағдарламалар мен журналдар жаһандық каталогын» жариялады.

Орталықты жоғары білім саласындағы жетекші сарапшы доктор Филипп Альтбах басқарады.

Жоғары білім саласындағы зерттеу орталықтарының тізімінде Ақпараттық-талдау орталығы да бар.

Жоғары білім саласындағыоқу бағдарламалары тізімінің қатарында Назарбаев Университетінің магистрлік бағдарламалары да енгізілген.

Бұл каталог зерттеушілер, саяси және басқа да мүдделі тараптардв жоғары білім саласындағы әлемнің ғылыми-зерттеу орталықтары мен бағдарламалары туралы маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында 2006 жылдан бастап шығарылады.

Каталогқа саны 48 елдің 217-зерттеу орталықтары енгізілген, оның ішінде АҚШ-тан 50, Қытайдан 40 және Ұлыбританиядан 18 ұйым ұсынылған.

Жоғары білім беру саласындағы ғылыми-зерттеу орталықтарының каталогына келесі талаптарға сай ұйымдар кіреді:

1. Жоғары білім саласы, жоғары білім беру саясатын талдауға бағытталған зерттеулермен айналысатын мекемелер;

2. Жоғары білім беру саласындағы кәсіби тәжірибесі бар кем дегенде бір штаттық маманы бар мекемелер;

3. Белгілі бір бюджеті бар, қаржыландыруы әр түрлі көздерден келетін ұйымдар;

Жоғары білім саласындағы 277 оқу бағдарламаларының шамамен 70% АҚШ-та ұсынылады.

Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша жоғары білім беру саласындағы зерттеулермен айналысатынын 10 мың оқу орындары мен 12 мыңнан астам мамандар бар екені атап өтілді.