You are here

Ақпараттық- талдау орталығының қызметкерлері Гернот Хученрайтер және проф.Манфред Хорват тұлғасында ЭЫДҰ өкілдері үшін ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасының Кітапханасына экскурсия өткізді

Printer-friendly versionPDF version

2015 жылы 16 шілдеде «Ақпараттық- талдау орталығы» АҚ қызметкерлері Гернот Хученрайтер және профессор Манфред Хорват тұлғасында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) өкілдері үшін ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасының Кітапханасына экскурсия жүргізді.

Қонақтарды ҚР Тұңғыш Президенті –Елбасы Қорының басым бағыттарымен таныстырды, олар ғылым мен білім саласында Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағыты ретінде жас ғалымдарды қолдау, жас ғалымдардың, шығармашыл қызметкерлердің, студенттердің, ғылыми ұжымдардың неғұрлым маңызды зерттеу жұмыстарын қолдау, мәдениет пен өнер саласында дарынды жастарды анықтау және қолдау, неғұрлым маңызды шығармашылық жобаларды қолдау, сондай-ақ қайырымдылық және баспашылық қызметті жүзеге асыру, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру болып табылады.

Еске салайық, ЭЫДҰ өкілдері Астанаға «Қазақстанның инновациялық саясатына шолуы» жобасының жоспарланған басталуы шеңберінде келген.

Бұл жобада қазақстандық тарап ЭЫДҰ командасына оларға тұтастай елдің инновациялық саясатын жақсарту бойынша ұсыныстар жасап шығару үшін жалпы картинаны көруге көмектесетін негізгі есепті ұсынады.

2014 жылы өзінің жыл сайынғы «Қазақстан халқына Жолдауында» ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, қазір дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қатысушы- мемлекеттері көрсететінін айтып өтті.

«Барлық қатысушы- елдер терең жаңғырту жолынан өткен, инвестициялардың, ғылыми әзірлемелердің, еңбек өнімділігінің, бизнес дамуының, халықтың өмір сүру стандарттарының жоғары көрсеткіштері бар. Болашақ ұзақ мерзімді динамикасын ескерумен ЭЫДҰ елдерінің индикаторлары, жершарының 30 дамыған мемлекетінің қатарына кірер жолдағы біздің негізгі бағыттарымыз»,- деді Президент.

Ол кезде Елбасы ЭЫДҰ-ң кейбір стандарттарын Қазақстанда ендіру ниеті туралы қатаң мәлімдеді.

«Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ң кейбір стандарттарын ендіру тапсырмасын қоямын, олар тұжырымдамада көрсетілетін болады (Қазақстанның 30- дамыған елдің қатарына кіруі)». Одан басқа, Президенттің пікірінше, «экономиканың жаңа жоғары технологиялық салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ- нен кемінде 3%-ға өсіруді қажет етеді»,-деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің қойылған тапсырмаларына байланысты бекітілді:

- ҚР Үкіметінің 2015 ж. 20 қаңтардағы № 10 қаулысымен «Қазақстан Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы, Елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы» Меморандум.

- ҚР Үкіметінің 2015 ж. 27 сәуірдегі №341 қаулысымен «Қазақстанның инновациялық саясатына шолу» жобасын іске асыру туралы келісім.

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ЭЫДҰ арасында Гранттық келісімге қол қойылды.